ҰҚШҰ өзінің жауапкершілігі аймағында тұрақтылықты қамтамасыз етуде елеулі рөл атқарады - В.Путин

В.Путин 2012 жылы бұл органдардың жаттығулары, соның ішінде Қазақстанда болған ұйымның бітімгершіл контингентінің маневрлері ойдағыдай жүргізілгенін атап өтті.
2013 жылы ҰҚШҰ Ұжымдық жедел әрекет ету күштерінің жаттығулары Беларусьте өтеді, сондай-ақ бітімгершіл күштер Ресейдің Челябі облысындағы Шұбаркөл полигонында жаттығады.
«ҰҚШҰ саяси және әскери құрылымдарының, ең алдымен Ұжымдық Жедел әрекет ету күштері мен Бітімгершіл күштердің қызметі осыған бағытталып отыр», - деді В.Путин.
Бейресми кездесуде Ресей Президенті және басқа да қатысушылар әлемдегі, Орталықазиялық аймақтағы жалпы жағдайды, және Ауғанстанның ҰҚШҰ жауапкершілігі аймағына көршілес орналасқандығын ескере отырып, сыртқы саяси үйлестіруді тереңдету маңызды міндет екенін атап өтті.