ҰҚШҰ рұқсат етілмеген лаңкестік және экстремистік ұйымдардың тізімін әзірледі
МӘСКЕУ. Тамыздың 24-і. ҚазАқпарат /Нарымбек Ысмағұлов/ - Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымында оған қатысушы мүше мемлекеттер аумағында қызмет істеуге рұқсат етілмеген лаңкестік және экстремистік бағыттағы ағымдардың тізімі анықталды.
Ұйымға мүше-мемлекеттердің өкілетті өкілдерінің қатысуымен өткен ҰҚШҰ жанындағы Тұрақты кеңестің бүгінгі отырысы барысында «Ұжымдық қауіпсіздік шарты Ұйымына мүше-мемлекеттерде лаңкестік және экстремисттік бағыттағы деп танылған ұйымдардың тізімі туралы» ҰҚШҰ Қауіпсіздік кеңесі хатшылары комитеті шешімінің жобасы қаралып, мақұлданды.
ҰҚКҰ Хатшылығының ұсынысы бойынша тізімге ҰҚШҰ мүше-мемлекеттерінің ұлттық заңнамаларына сәйкес қызметіне рұқсат етілмеген 40-тан астам лаңкестің және экстремистік ұйымдар алынды.
Ресей Федерациясы 32 ұйымды, соның ішінде 19 лаңкестік және 13 экстремистік ұйымды, Қазақстан мен Өзбекстан лаңкестік бағыттағы деп саналатын 15 ұйымды, Тәжікстан 12 лаңкестік ұйымды, Қырғызстан 8 ұйымды тізімге қосқан.