ҰҚШҰ Жедел әрекет ету ұжымдық күштерінің құрылуы Еуразия кеңістігіндегі әскери қауіпсіздікті нығайтудағы нақты қадам - Елбасы

АСТАНА. Наурыздың 10-ы. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының (ҰҚШҰ) Жедел әрекет ету ұжымдық күштерін құру туралы шешім – Еуразия кеңістігіндегі әскери қауіпсіздікті нығайтудағы нақты қадам.
None
None
Бүгін Астанада өтіп жатқан Университеттердің еуразиялық қауымдастығының ХІ съезінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осылай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.«Еуразиялық интеграцияның әскери-саяси өлшемі өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз ету, заманауи қауіп-қатерлерге жауап беру сынды жұмыстармен байланысты. Өткен ғасырдың соңында, 1992 жылы Ұжымдық қауіпсіздік шартының қатысушылары бұл құжатты жаһандық-өңірлік тұрақтылықтың жаңа қауіп-қатерлеріне бейімдеді. Сөйтіп ҰҚШҰ құрылды. Қазіргі таңда ол өз дамуының жаңа кезеңіне аяқ басты. Бір ай бұрын Мәскеудегі саммитте ұйымның Жедел әрекет ету ұжымдық күштерін құру туралы шешім қабылданды. Бұл солтүстік Еуразияның кең байтақ өңірінің әскери қауіпсіздігін нығайтудағы нақты қадам», деді Елбасы. Елбасының айтуынша, әуе қорғанысының бірлескен жүйесі, нығайып келе жатқан әскер-техникалық ынтымақтастық, ҰҚШҰ елдері әскерлерінің, бөлімшелерінің бірлескен оқу-жаттығулары ? осының барлығы құрылып жатқан біртұтас қорғаныс кеңістігінің құрамдауыш бөлігі болып табылады.
Соңғы жаңалықтар