15:57, 16 Мамыр 2012 | GMT +5
Ұлан ауданында салынып жатқан мектепте Өзбекстаннан заңсыз келген мигранттар анықталды
ӨСКЕМЕН. 16 мамыр. ҚазАқпарат - ШҚО ІІД көші-қон полициясы «Келімсек-2012» жедел-іздестіру шарасын өткізу барысында Ұлан ауданының Қайсенов атаныдағы елді мекенде Өзбекстанның тұрғындары анықталып, ұсталды.

Анықталғандай, 7 мигрант өздерінің жеке істері бойынша «Жібек Жолы» өткізу-бақылау қосыны арқылы 2 мамырда Өскемен қаласына келген. Сосын олар орта мектептің құрылысында жұмыс істеген.
Жұмыс беруші мен ұсталған мигранттар әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлады ШҚО ІІД.