Ұлан-Батыр өз әскери мамандарын Қазақстанда даярлауға ниетті - Моңғолия СІМ

«Біз мемлекеттеріміздің әскери және әскери-техникалық салаларындағы ынтымақтастықты жандандырып, кеңейтуге ниет білдіріп отырмыз. Қазақстан БҰҰ-ның қамқорлығындағы халықаралық бітімгерлік қызметке қатысып отыр, біз үшін бұл өте маңызды. Бізде де осы салада өзара әрекеттестік етудің үлкен мүмкіндіктері бар деп ойлаймын», - деді ол ҚР Сыртқы істер министрінің Бірінші орынбасары Рәпіл Жошыбаевпен болған келіссөздер кезінде.
Ол екі ел аумағында өткізіліп отырған әскери оқу-жаттығуларына болашақта белсенді түрде бірлесіп қатысуға сенімін білдірді. «Біз мамандарымыздың Қазақстанның әскери ЖОО-ларында білім алуды бастауға ниет білдіріп отырмыз», - деп атап өтті ол.
Өз кезегінде Р.Жошыбаев Қазақстанда әскери реформаның жүргізілуі, соның ішінде жауынгерлік дайындықтың жетілдірілуі және қарулы күштердің материалдық-техникалық қамтылуы туралы хабарлады. «Біздің әскери авиация, әскери-әуе күштері бойынша көрсеткіштеріміз жақсы. Бұл жерде ынтымақтастықты құрудың болашағы бар. Әскери саладағы әлеуетті ынтымақтастықтың басқа да бағыттары аз емес», - деді ол.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан мен Моңғолия сыртқы істер министрліктерінің апасындағы алғашқы саяси консультациялар ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаевтың бүгін Ұлан-Батыр қаласына жасаған сапарының аясында өтті.