12:43, 04 Тамыз 2021 | GMT +5
Үлбі өзеніне 18 жастағы жігіт батып кетті – ШҚО
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласындағы Үлбі өзеніне 18 жастағы жігіт батып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 1 тамызда үйден шығып кеткен 18 жастағы жігіт сол-күйі қайтып оралмаған. Келесі күні Үлбі өзенінің жанынан өтіп бара жатқан адамдар оның жеке заттары мен ұялы телефонын тауып алып, туыстарына хабар берген.
«3 тамыз күні хабар-ошарсыз кеткен азаматтың туыстары құтқарушылардан көмек сұрады. Сөйтіп, іздестіру жұмыстары дереу қолға алынды. Өкінішке қарай, бүгін Үлбі өзенінен ер адамның мәйіті табылды», - деп хабарлады ведомство өкілдері.
Осы ретте, департамент мамандары өңір жұртшылығына жабдықталмаған жерлерде шомылмау қажеттігін ескертеді.