Ұлыбритания билігі мигранттардың зергерлік бұйымдарын тәркілеуі мүмкін

АСТАНА. KAZINFORM — Ұлыбритания билігі заңсыз мигранттардың тұру ақысы ретінде олардың зергерлік бұйымдары мен басқа да мүлкін тәркілеуді бастауы мүмкін, деп хабарлайды Financial Times.

зергерлік бұйым
Фото: Өзбекстанның Кеден комитеті

Басылымның хабарлауынша, бұл идея қаражаты бар мигранттардың өз күнін өзі көруіне, шығындарын өтеуге мүмкіндік береді. 

Ішкі істер министрінің орынбасары Алекс Норрис бұл шара неке сақиналары сияқты зергерлік бұйымдарға әсер етпейтінін түсіндіріп, шекарада бағалы әшекейлер тәркіленбейтінін айтты.

— Егер біреу алтын сақинаға толы чемоданмен келсе, онда жағдай басқаша болады», — деді ол.

Осыған дейін Ұлыбританияда босқын мәртебесін беру саясатын қатаңдатуды жоспарлап отыр.

Соңғы жаңалықтар