Ұлыбритания премьер-министрі Венесуэладағы жағдай туралы: халықаралық құқықты сақтау маңызды
АСТАНА. KAZINFORM – Ұлыбритания АҚШ-тың Венесуэладағы әрекетіне еш қатысы жоқ екенін мәлімдеді.
Ұлыбритания премьер-министрі Кир Стармер АҚШ-тың Венесуэладағы әскери операцияға ешқалай араласпағанын мәлімдеді.
Үкімет басшысы сонымен қатар болған оқиғаны әзірге АҚШ президенті Дональд Трамппен талқыламағанын айтты.
Оның сөзінше, қалыптасқан жағдай баға беруден бұрын оқиғаның мән-жайын жан-жақты анықтап алу керек және одақтастармен сәт сайын өзгеріп отырған жағдай бойынша консультация өткізу керек.
- Мен алдымен фактілерді анықтап алғым келеді. Сондай-ақ мен президент Трамппен және одақтастармен пкірлескім келеді. Мен бұл жағдайға қатысымыздың жоқ екенін нық сеніммен айта аламын. Сондай-ақ бәрі халықаралық құқықты сақтауы керек деген ойдамын, -дді Кир Стармер журналистерге берген сұхбатында.
Айта кетейік, АҚШ президенті Дональд Трамп Венесуэла президентін оның әйелімен бірге ұстап, эвакуацияланғанын мәлімдеді.