Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Ұлыбритания жасөспірімдерге әлеуметтік желіге түнгі «коменданттық сағат» енгізеді

АСТАНА. KAZINFORM — Ұлыбритания үкіметі 16–17 жастағы жасөспірімдер үшін әлеуметтік желілерді пайдалануға қатысты ерікті түнгі шектеулер енгізетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Kazinform агенттігі. 

Ұлыбритания жасөспірімдерге әлеуметтік желіге түнгі «коменданттық сағат» енгізеді
Фото: Reason Magazine

Жаңа бастамаға сәйкес, түнгі сағат 00:00–ден 06:00–ге дейін пайдаланушылардың әлеуметтік желіде ұзақ отыруына ықпал ететін функциялар әдепкі бойынша өшіріледі. Олардың қатарында бейнероликтердің автоматты түрде ойнатылуы және үздіксіз жаңартылатын жекелендірілген жаңалықтар таспасы бар.

Алайда бұл «коменданттық сағат» міндетті болмайды және пайдаланушы оны өшіре алады.

Билік өкілдерінің айтуынша, бұл бастама жасөспірімдердің зейінін жақсартып, ұйқы сапасын арттыруға әрі отбасымен өткізетін уақытын көбейтуге ықпал етеді.

Бұл шара маусым айында жарияланған 16 жасқа толмаған балалардың әлеуметтік желілерді пайдалануына қойылған шектеулердің жалғасы саналады. Ол кезде Snapchat, TikTok, YouTube, Instagram, Facebook және X платформаларына қатысты шектеулер енгізілген болатын. 

Айта кетелік ЕО-да 13 жасқа дейінгі балалардың әлеуметтік желілерге қолжетімділігін шектеу ұсынылған еді