Ұлыбританияның АҚШ-тағы елшісі Эпштейнмен байланысы үшін қызметінен кетті

АСТАНА. KAZINFORM — Ұлыбритания Сыртқы істер министрлігі АҚШ-тағы елшісі Питер Мандельсонның өкілеттігін тоқтатты, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің меншікті тілшісі.

Британского посла в США уволили из-за скандала с Эпштейном
Фото: x.com/@UKinUSA

— Питер Мандельсон жазған электрондық хаттардағы қосымша ақпаратқа байланысты премьер-министр Сыртқы істер министріне оны елші қызметінен босатуды тапсырды, — делінген Ұлыбритания Сыртқы істер министрлігі бейсенбі күні таратқан мәлімдемеде.

Электрондық хаттар Питер Мандельсонның Джеффри Эпштейнмен қарым-қатынасының тереңдігін байқатады.

Әңгіме Мандельсонның қамаудағы қаржыгерге жолдаған қолдау хаттары жөнінде болып отыр.

— Жаңа ақпарат Питер Мандельсонның Джеффри Эпштейнге қатысты алғашқы үкім әділетсіз болды және оған шағымдану керек деген ұсынысына қатысты. Осыны ескере отырып және Эпштейн қылмысының құрбандарын ескере отырып, оның елші ретіндегі өкілеттігі дереу тоқтатылады, — деп хабарлады Ұлыбритания Сыртқы істер министрлігі.

Америкалық қаржыгер Джеффри Эпштейн, атақты адамдар мен мемлекеттік қызметкерлерді өзінің жеке аралына әкелуімен танымал, кәмелетке толмағандарды сексуалды саудаға салғаны үшін тергеуде болды. 2019 жылы ол федералды қамауда болған кезде өз-өзіне қол жұмсады. Ресми түрде оның өлімі өз-өзіне қол жұмсау деп танылғанымен, Трамптың кейбір жақтастары оны кәмелетке толмаған қыздарға жыныстық зорлық-зомбылық жасаған ықпалды адамдардың есімдерін жарияламас үшін өлтірді деп санайды.

Бұдан бұрын АҚШ президенті Дональд Трамп The Wall Street Journal басылымын сотқа беремін деп қорқытып, Эпштейн ісінің кейбір материалдарын жариялауды талап еткенін жазған едік.

Соңғы жаңалықтар