Ұлытау облысында республикалық маңызы бар жолдар жабылды

АСТАНА. KAZINFORM — Ауа райының бұзылуы салдарынан Ұлытау өңірінде көлік қозғалысы шектелді, деп хабарлайды «ҚазАвтоЖол» ҰК баспасөз қызметі.

метель, буран, зима, закрыта дорога, боран, қыс, жол жабық
Фото: Ағыбай Аяпбергенов / Kazinform

2026 жылғы 6 ақпан сағат 15:30–да ауа райының бұзылуына байланысты республикалық маңызы бар келесі автожолдарда барлық көлік түрінің қозғалысына уақытша шектеу енгізілді: 

— «Жезқазған — Арқалық — Петропавл» автожолының 24-137 шақырым аралығы (Сәтбаев қаласы — Ұлытау ауылы);

— «Қызылорда — Жезқазған — Қарағанды — Шідерті» автожолының 433-750 шақырым аралығы (Жезқазған қаласы — Жаңаарқа кенті).

Жолды 2026 жылғы 6 ақпан сағат 21:00–де ашу жоспарланған.

Айта кетейік, 1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады. 

Бұдан бұрын Астана әуежайында ауа райына байланысты 12 рейс кешігіп жатқанын жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар