Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Ұлытау облысында тағы бір жаңа ветеринариялық пункт пайдалануға берілді

ЖЕЗҚАЗҒАН. KAZINFORM — Жаңаарқа ауданының Мұқажан Жұмажанов атындағы ауылында заманауи модульдік ветеринариялық пункттің ашылу рәсімі өтті.

Ұлытау облысында тағы бір жаңа ветеринариялық пункт пайдалануға берілді
Фото: Ұлытау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Жалпы аумағы 68 шаршы метрді құрайтын жаңа ғимарат ветеринариялық қызмет көрсетуге қажетті барлық жағдаймен қамтамасыз етілген. Нысан толық жиһазбен жабдықталып, кондиционер орнатылған және өрт қауіпсіздігі жүйесімен қамтылған.

Ұлытау облысында тағы бір жаңа ветеринариялық пункт пайдалануға берілді
Фото: Ұлытау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Бұл нысан — Ұлытау облысында биыл пайдалануға берілген 22 модульдік ветеринариялық пункттің бірі. Қазіргі таңда 2026 жылға жоспарланған барлық ветеринариялық нысандардың құрылысы толық аяқталып, мемлекеттік ветеринариялық ұйымдардың теңгеріміне өткізілді.

Ұлытау облысында тағы бір жаңа ветеринариялық пункт пайдалануға берілді
Фото: Ұлытау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Айта кетейік, Ұлытау облысы ветеринариялық пункттердің құрылысын алғаш болып толық аяқтаған өңір атанды.

Ұлытау облысында тағы бір жаңа ветеринариялық пункт пайдалануға берілді
Фото: Ұлытау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Биыл жалпы құны 570 миллион теңгені құрайтын 22 ветеринариялық нысан салынса, 2027 жылы 836,5 миллион теңгеге тағы 31 ветеринариялық пункттің құрылысын жүзеге асыру жоспарланып отыр.