Ұлт жоспары ақпараттық қоғамды және е-Үкіметті дамытуға бағытталатыны маңызды - БҰҰ өкілі

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Президентінің 5 институционалды реформасы ҚР Үкіметі мен БҰҰ-ның ақпараттық қоғамды және е-Үкіметті дамыту бағытындағы әріптестігін қарқындатуға мүмкіндік береді, деп хабарлады БҰҰ бас хатшысының экономикалық даму мәселелері бойынша көмекшісі Ленни Монтиэль.

Ұлт жоспары ақпараттық қоғамды және е-Үкіметті дамытуға бағытталатыны маңызды - БҰҰ өкілі

«Астана экономикалық форумы Қазақстан Президентінің 5 институционалды реформасын ұсынғаннан кейін өткізіліп отыр. Оның негізгі мақсаты елде ақпараттық қоғамды және электронды үкіметті дамытуға бағытталған, ал ол - өз кезегінде бүгінгі талқылаулардың басты тақырыптарының бірі. Ұлт жоспарына осы мәселені қосу қисынды деп есептеймін. Оған пікір айту әзірге ерте, дегенмен БҰҰ мен ҚР үкіметі осы мәселеде жақсы әріптестік орнатқан. Осы серіктестікті ары қарай нығайтылады деп күтеміз», - деді ол VIII АЭФ барысында.