Ұлт жоспарын жүзеге асыру үшін мемлекеттік емес сектордың да жұмысын үдете түсу керек - А.Сəдуақасова

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Ұлт жоспары - нақты 100 қадам» реформасын жүзеге асыру үшін мемлекеттік емес секторды жергілікті басқару органдарының жұмысына белсенді араластыру керек. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлт жоспары - қазақстандық арманға бастайтын жол» мақаласы жөніндегі брифинг барысында ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Орталық Азия өңіріндегі этносаралық және конфессияаралық қатынастарды зерттеу орталығының басшысы, әлеуметтану ғылымының докторы Айгүл Сəдуақасова айтып берді.
None
None

«2016 жылдың бірінші күндерінен бастап, Елбасы былтыр жариялаған 5 институционалды реформаны жүзеге асыру басталды деп анық айтты. Қазір экономикалық дағдарыс, саяси-əскери қақтығыстар сияқты сыртқы жағымсыз факторлар көбейген кезең. Сондықтан, Елбасы «біздің ең басты құндылығымыз - ел бірлігі» деп, негізгі реформаларының ішінде «бірегейлік пен бірлік» деген бағыттарды ерекше атап өтті. -Осы бағыттарды қалыптастыру үшін екі негізгі тетік қалыптасқан, - деді Елбасы. Оның біріншісі - Қазақстан халқы Ассамблеясының институты. Екінші тетік - жалпыұлттық патриоттық, «Мəңгілік ел» идеясы».
А.Сəдуақасованың айтуынша, Мемлекет басшысы жариялаған Ұлт жоспарын сəтті жүзеге асыру тек мемлекеттік органдардың мойнындағы міндет емес. Бұл ретте, реформаларды ойдағыдай жүзеге асыру үшін азаматтық қоғам да барынша белсенді жұмыс істеуі керек, - дейді ол.
«Қазақстанда мемлекеттік емес сектор дамуда. Соның ішінде, азаматтық қоғамды дамыта түсу - реформаның бір бағыты деуге болады.
Нақтырақ айтсам, азаматтық қоғам туралы Мəдениет жəне спорт министрлігі арнайы жоспар қабылданған. Сол жоспардың ішінде мемлекеттік емес секторды белсенді ете түсудің жаңа формалары көзделген. Жалпы, азаматтық қоғамды қалыптастыру - енді жүзеге асырылатын бағыт емес, жүзеге асырылуы басталып кеткен бағыт. Мысалы, Қазақстан халқы Ассамблеясы тарапынан алатын болсақ, Ассамблея да арнайы жоспар қабылдап, этно-мəдени бірлестіктерді қоғамдық жұмыстарға үздіксіз қатыстырады. Жалпы, реформалардың ішінде мемлекеттік емес секторды жергілікті басқару органдарының жұмысына да белсенді араластыру жоспарланған»,-деді ойын қорыта келе ол.

Соңғы жаңалықтар