Ұлтаралық және дінаралық келісім мемлекет ұстанған басты қағида - Алматы облысы Ескелді ауданының бас имамы

АСТАНА. 13 желтоқсан. ҚазАқпарат - Еліміз - көп ұлтты, көп дінді, зайырлы мемлекет.

Ұлтаралық және дінаралық келісім мемлекет ұстанған басты қағида - Алматы облысы Ескелді ауданының бас имамы

Сондықтан ұлтаралық, дінаралық келісім мемлекет ұстанған басты қағида болып табылады. Бұл пікірін Алматы облысы Ескелді ауданының бас имамы Болат Жұмағалиев білдірді.

«Діни ахуалдың тұрақтылығы қай мемлекетке де ең қажет қағида. «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» жаңа заңның басты ерекшелігі діни бірлестіктердің мәртебесін нақтылайтын ережелердің қабылдануы.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тәуелсіз мемлекетімізді қалыптастырудағы сара саясаты еліміздегі діни сенім мен ұстанымдарға демократиялық сипат берді. Мемлекет басшысының бейбітшілік сүйгіш саясатының арқасында елімізде дінаралық және ұлтаралық тұрақтылық сақталып келеді.

Біздің ауданымызда 9 діни бірлестік қайта тіркеу жұмыстарынан өтті.

Еліміздің қоғамдық өміріндегі жауапты істердің бірі болған қайта тіркеу жұмыстарының абыройлы аяқталуы - баршамызға ортақ қуаныш.

Біздің барлық жұмысымыз қоғамның дамуына үлес қосатын иманды ұрпақ тәрбиелеуге атсалысу. Бұл бағыттағы игілікті істер алда да жалғасын таба береді»,- деді ол.