Ұлттар лигасы: Қазақстан әйелдер құрамасы бүгін Армениямен кездеседі

АСТАНА. KAZINFORM - Футболдан Қазақстан әйелдер құрамасы бүгін UEFA Ұлттар лигасы төртінші турында өз алаңында Арменияны қабылдайды.

футбол
Фото: Қазақстан футбол федерациясы

Ойын «Астана Арена» стадионында өткізіледі. Кездесу қазақстандық уақытпен 18:00-де басталып, «QazSport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Ел құрамасы С дивизионы үшінші тобында сынға түсіп жатыр. Қарсыластары - Армения, Люксембург және Лихтенштейн.

Алғашқы екі ойында қазақстандық футболшылар Арменияға 0:2 есебімен жеңілсе, одан кейін Люксембургпен 2:2 есебімен тең түсті. Ал үшінші турда Лихтенштейнді 4:0 есебімен тізе бүктірді.

Қазір турнир кестесінде ел құрамасы төрт ұпаймен үшінші орында тұр. Алғашқы екі орындағы Люксембургтің 7, Арменияның 6 ұпайы бар. Төртінші орындағы Лихтенштейннің әзірге қоржыны бос.

Соңғы екі кездесуде қазақстандық футболшылар 30 мамырда өз алаңында Лихтенштейнді қабылдаса, одан кейін 3 маусымда Люксембургпен кездеседі.

Бұл топтан алғашқы екі орынға тұрақтаған құрамалар жарыстың келесі сатысына жолдама алады. Онда В дивизионына жолдама сарапқа салынады.

Соңғы жаңалықтар