Ұлттар лигасы: Словакия құрамасы Қазақстанға қарсы құрамын жариялады

АСТАНА. INFORMSPORTS - Футболдан Словакия құрамасы ертең, 29 қыркүйекте UEFA Ұлттар лигасы екінші турында Қазақстанға қарсы құрамын жариялады.

я
Фото: Қазақстан футбол федерациясы

Бұл кездесу Қазақстан уақытымен 23:35-те басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі. 

Аталған ойынға хорватиялық Патрик Коларич бас төреші ретінде бекітілген. Оған отандастары Лука Паич пен Иван Старчевич көмектеседі. Төртінші төреші де сол елдің өкілі Иван Вуканчич. Ал VAR төрешісі міндеті тағы бір хорватиялық Марио Зебецке жүктелсе, VAR ассистенті ретінде Иван Матич қызмет атқарады.

Словакия құрамасының бас бапкері Владимир Вайсс Қазақстанмен кездесуге негізгі көшбасшы ойыншыларды шақырды. Олардың қатарында «Фенербахче» қорғаушысы әрі капитан Милан Шкриньяр, мадридтік «Атлетико» ойыншысы Давид Ганцко, «Наполи» жартылай қорғаушысы Станислав Лоботка және «Тоттенхэм» қақпашысы Мартин Дубравка бар.

Словакия құрамасы:

Қақпашылар: Мартин Дубравка, Доминик Грейф, Якуб Суровчик, Доминик Такач.

Қорғаушылар: Хуго Павек, Денис Вавро, Мартин Вальент, Милан Шкриньяр, Любомир Шатка, Давид Ганцко, Адам Оберт, Иван Месик.

Жартылай қорғаушылар: Станислав Лоботка, Петер Покорны, Матуш Беро, Ондрей Дуда, Марио Зауэр, Томаш Риго, Михал Фашко, Томаш Суслов.

Шабуылшылар: Лукаш Гараслин, Нино Марчелли, Лео Зауэр, Давид Дюриш, Адриан Капралик, Иван Шранц, Давид Стрелец, Томаш Бобчек, Роберт Боженик, Эрик Прекоп.

Айта кетсек, алғашқы турда Қазақстан сырт алаңда Фарер аралдарымен 1:1 есебімен тең түссе, Словакия өз алаңында Молдованы 2:0 есебімен қапы қалдырды.

Қазақстандық футболшылар 2024/25 жылғы маусымда В лигасында үшінші топта алты кездесудің бесеуінде жеңіліп, біреуінде тең ойнады. Салдарынан өз тобында төртінші орынды місе тұтып, қайтадан С лигасына түсіп қалды.