Ұлттық банк менеджерлері 1,7 млрд теңге сыйақы алғаны рас па — Сүлейменов жауабы

АСТАНА. KAZINFORM — Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов банк топ-менеджерлерінің 1,7 млрд теңге көлемінде сыйақы алғаны туралы ақпаратқа түсініктеме берді. 

Ұлттық банк
Фото: Ұлттық банк

Бүгін Ұлттық банкте өткен брифинг барысында БАҚ өкілдері одан: «Ұлттық банк төрағасына, директорлар кеңесінің мүшелеріне, топ-менеджерлерге 1,7 млрд теңге көлемінде сыйақы жазылғаны рас па?» — деп сұраған еді.

Сауалға жауап берген Тимур Сүлейменов әлеуметтік желіде тараған бұл ақпараттың жалған екенін айтты.

— 1,7 млрд теңгеде жалақы, сауықтыру төлемі, оқыту, еңбек демалысы төлеміғ яғни біз алған ақылардың бәрі есептелінген. Сыйақы емес, — деді Ұлттық банк басшысы.

Айта кетейік, Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 18 пайыз деңгейінде сақтады

Соңғы жаңалықтар