Ұлттық Аграрлық университетте су ресурстарын басқару мәселесіне арналған халықаралық семинар-тренинг өтіп жатыр
Шараға Испанияның Аликанте университеті, Генуияның Генуия, Польшаның жаратылыстану университеті, Словакияның - техникалық, Өзбекстанның Каршин атындағы инженерлік-экономикалық, Ташкент ирригация және мелиорация институты, Қырғызстанның ұлттық университеті, Қазақстанның Қ.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ, ҚазҰАУ ғалымдары қатысуда.
Шара барысында Қазақстандағы су ресурстарының жағдайы мен проблемалары, Орталық Азиядағы су ресурстарын пайдаланудың шекаралық өзендер және су бөлінісіндегі проблемалары тақырыптары талқыланып, «Орталық Азиядағы су ресурстарын басқару» магистрлік бағдарламасының тұсаукесері болды.
«Су ресурстарын басқару Қазақстан және Орталық Азия үшін өте маңызды. Сондықтан бұл саланың өзекті мәселелерін сала ғалымдарымен талқылап, ортақ проблемаларды айқындау, шешу жолдарын ұсыну уақыт талабы. Бүгінгі семинар-тренинг осы мақсатта өткізіліп жатыр»,- дейді ҚазҰАУ ректоры Тілектес Есполов.