«Ұлттық инновациялық қор» АҚ мен « MVV dekon GmbH» энергияны тиімді пайдалану мен жаңартылған энергия көздеріне қатысты меморандумға қол қойды

АЛМАТЫ. Қыркүйектің 28-і. ҚазАқпарат /Маржан Кеңесбай/ - Бүгін Алматыда «Ұлттық инновациялық қор» АҚ  мен  «MVV dekon GmbH» халықаралық консалтингтік компаниясы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды,

«Ұлттық инновациялық қор» АҚ мен « MVV dekon GmbH» энергияны тиімді пайдалану мен жаңартылған энергия көздеріне қатысты   меморандумға қол қойды

 деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 Энергияны тиімді пайдалану мен жаңартылған энергия көздері туралы бұл меморандум   «Тұрақты энергетикалық Қазақстан қоры (KazSEFF)» жобасы аясында  жүзеге асып отыр. «KazSEFF қоры қазақстандық екінші деңгейлі банктер арқылы жекеменшік компанияларды қаржыландыру үшін 75 миллион АҚШ долларын бөлді. Қазіргі уақытта «ЦентрКредит банк» пен «АТФ Банк» KazSEFF қорының серіктес банктері болып табылады. Әр қарыз алушыға берілетін несиенің көлемі 7 миллион АҚШ долларын құрайды.   Қор жұмысының  маңызды бағыттары: несие желісін  жылжытуды тегін техникалық қолдау, энергетикалық ысыраптар деректерін айқындауда компанияларға көмек көрсету, энергия тұтынуды төмендету мен жобаларды дайындауды қаржыландыруға  тиімді техникалық шешімдерді ұсыну», - дейді «Ұлттық инновациялық қор» АҚ Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Әуелбек Тоқжанов.   Ал «Тұрақты энергетикалық Қазақстан қоры» (KazSEFF) жобасының басқарушысы Райнер Бенкенің сөзіне қарағанда, энергия жинақтау мен жаңартылған энергия көздерін дамыту жобасы жөніндегі  тұжырымдама Еуропалық қайта құру және даму банкі үшін жаңа жоба емес. Қазақстан Еуропалық банкпен ықпалдасқан  елдер арасында осындай  жобаларды жүзеге асырып жатқан 7-ші ел.