Ұлттық қордан кепілдендірілген трансферт мөлшері ұлғайтылмақ

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мәжіліс депутаттары «ҚР Ұлттық қорынан 2022-2024 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы» ҚР Заңына өзгеріс енгізу жөніндегі» Заң жобасын мақұлдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Аталған заң жобасын ҚР Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушы Тимур Жақсылықов таныстырды.

«Заң жобасымен Ұлттық қордан кепілдендірілген трансферт мөлшерін 4 трлн 30 млрд теңгеге дейін ұлғайту қарастырылуда. Жалпы қаражат Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру үшін қосымша қаржыландыруды қамтамасыз ету шеңберінде республикалық бюджеттің теңгерімділігін қамтамасыз етуге бағытталатын болады. Жалпы ұлттық қордың нысаналы көрсеткіштері фискалды шектеулер шегінде сақталады. Қолдауларыңызды сұраймын», - деді Тимур Жақсылықов Мәжілістің жалпы отырысында.

Нәтижесінде заң жобасын отырысқа қатысқан 101 депутаттың барлығы мақұлдады.

Сонымен бірге, Мәжілісте «2022-2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» ҚР Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасы талқыланып жатыр.

Бұған дейін Мәжіліс «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне баланың құқықтарын қорғау, білім беру, ақпарат және ақпараттандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасына Сенат енгізген өзгерістерді мақұлдаған еді.



Соңғы жаңалықтар