Ұлттық спорт түрлерінен IV фестивальдің теңге ілу мен қыз қуу ойындарының жеңімпаздары анықталды (ФОТО)

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордада Қазақ хандығының 550 жылдығына және Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына арналған Ұлттық спорт түрлерінен IV республикалық фестивальдің бағдарламасы бойынша теңге ілу мен қыз қуу ойындарының нәтижелері белгілі болды. Бұл туралы облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.
None
None

Теңге ілуден 20 ұпаймен Ақтөбе облысының командасы бірінші орынды жеңіп алды. Екінші орында 18 ұпаймен Қызылорда облысы, ал үшінші орын 16 ұпаймен Батыс Қазақстан облысының командасына бұйырды. Қыз қуудан Қостанай облысы озық шықса, Оңтүстік Қазақстан облысы күміс жүлдені, Атырау және Жамбыл облыстары қола жүлдені еншіледі.

Ал көкпар сайысы әлі жүріп жатыр. Оның ақтық финалы 20 қазан күні өтеді. Жамбы ату, аударыспақ, тоғызқұмалақ, жекпе-жек, асық атудан жарыстар 16 қазанда басталды.

Айта кетейік, фестиваль бағдарламасы бойынша ат спорты ойындары үстіміздегі жылдың қыркүйек айында жаңадан пайдалануға берілген ипподромда өтуде.

Соңғы жаңалықтар