Ұлы Жеңістің 70 жылдық мерейтойы жылында ЕАЭО елдері экономикалық тұрғыда өздерінің бірлігін көрсетуі тиіс - А.Лукашенко
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ұлы Жеңістің 70 жылдық мерейтойы жылында ЕАЭО елдері экономикалық және саяси тұрғыда өздерінің бірлігін көрсетуі тиіс. Бүгін Ақордада Қазақстан, Беларусь және Ресей басшыларының үшжақты кездесуі барысында Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенко осылай мәлім етті.
«Әр жылда біз қандай да бір сын-қатерлерге іс-қимыл жасауға мәжбүрміз. Қазіргі кезде тағы да сын-қатерлер алдымызда тұр. Алайда, біз құрған Еуразиялық экономикалық одақ қысқа мерзімде біздің бастамамыз бекер еместігін байқатып отыр. Біз ауқымды көлемдегі құжаттарды қабылдадық. Одақ аясында осы сын-қатерлерге тиісті іс-қимылдар жасауымыз қажет», - деді А.Лукашенко.