Ұлыбритания мұғалімдерінен тұратын делегация іссапармен Алматыға келді

АЛМАТЫ. Ақпанның 17-сі. ҚазАқпарат /Нәзира Елеухан/ - Алматыға британдық мұғалімдер делегациясы іссапармен келді,

 Ұлыбритания мұғалімдерінен тұратын делегация іссапармен Алматыға келді

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Британ Кеңесінің ұйымдастыруымен келген делегация Алматы мектептері мен колледждерінде болып, қалалық Білім департаментінде кездесу өткізеді. Сонымен қатар, мұғалімдердің кәсіби тұрғыда даму жүйесіне арналған дөңгелек үстел отырысына қатысады. Сондай-ақ, олар ақпан айының 19-ы күні Британ кеңесінде «Халықаралық білім кеңістігі: британдық мұғалімдер қазақстандық тәжірибелерін зерттеп жатыр» деген атпен өтетін баспасөз мәжілісіне қатысады.

Делегация мүшелері мектептер мен колледждерді аралау барысында арнайы сабақтарға қатысып, ортақ мәселе болып отырған бастауыштан орта білім сатысына өту проблемаларын және оқу бағдарламаларды талқылайтын болады.

Ұйымдастырушылардың айтуынша мұндай шаралар қазақстандық мұғалімдердің квалификацияларын көтеруге, Ұлыбританияда қолданатын оқу әдістемеліктерді қолдануға, сондай-ақ, тәжірибе жинақтауға, екі жақтағы әдістерді сараптау, саралауға мүмкіндік береді.

Британдық мұғалімдер мен Ұлыбритания Білім департаментінің өкілдерінен тұратын делегацияның сапары ақпан айының 20-на дейін жалғасады.