Ұлыбританияның Қазақстандағы Елшісі Пол Браммелл Маңғыстау облысына келді
АҚТАУ. Сәуірдің 9-ы. ҚазАқпарат /Жетібай Шаханұлы/ - Бүгін Маңғыстау облысына жұмыс сапарымен Ұлыбританияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Пол Браммелл келді.
Алдымен облыс әкімі Қ. Көшербаевпен кездескен елші өзінің сапар мақсатын баяндады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Бұдан соң Пол Браммелл журналистерге арнап брифинг өткізді. Онда елші екі ел арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайта түсетін бірлескен жобалар аясында атқарылар жұмыстарға қысқаша тоқталды. БАҚ өкілдерімен кездесуден кейін осы елмен арада әлеуметтік әріптестік туралы келісімге қол қойылмақ. Ал түстен кейін Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінде Астана қаласындағы ЕҚЫҰ орталығының ұйымдастыруымен семинар өтеді. Шетелдік меймандар қатысатын жиында 2010 жылы Қазақстанның ЕҚЫҰ-на төрағалық етуге дайындық барысы талқыланбақ.