Үнділік фермер қарызының өтеміне жолаушылар пойызын алды
NDTV теларнасының хабарлауынша, сот шағымданушыға қарыздың өтемі үшін 20 вагоны бар жолаушылар пойызын беруге қаулы еткен.
Фермер Сампуран Сингхтан штаттың темір жол әкімшілігі осыдан бірнеше жыл бұрын темір жол тармақтарын салу үшін жер алған. Бірақ осы жер телімі үшін беруге тиіс 1 млн рупийді ( $15,3 мың шамасында) төлемеген.
2015 жылы Сингх осы мәселеге орай қаралған істе жеңіп шығады, бірақ әкімшілік қаржы жоқ деген желеумен бермеген. Фермердің адвокаты ағымдағы жылдың қаңтарында сотқа қайта арызданған. Судья фермердің пайдасына теміржол мүлкі - пойызды тәркілеуге қаулы етті.
Өткен жұма күні кешке Синх өз адвокатымен және сот притавтарымен бірге Лудхиана вокзалына келіп, жүрдек пойызды күтеді. Ол келген сәтте машинисіне құрамды тәркілеу туралы соттың қаулысын тапсырады. Дегенмен Синх оған маршрутын тоқтатпай жолаушыларды барар жеріне жеткізуіне келісімін береді.
Дегенмен темір жол әкімшілігі пойызды қарызды тапқанша, екі күн бойы жолаушылар тасымалдауға рұқсат ала алды. Егер ақша табылмаған жағдайда пойыз және оның 20 вагоны аукционға қойылуы мүмкін.