Үндістан Қазақстанда электр стансысын салуды көздеп отыр

МАГДЕБУРГ. Қаңтардың 23-і. ҚазАқпарат /Юлия Чернова/ – ҚазАқпарат дәстүрлі «Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы» айдарымен aktuellasia.toobiz.com азиялық өңір туралы жаңалықтардың халықаралық порталынан алынған ақпаратты оқырмандарға ұсынады.
None
None
«NTPC» (National Thermal Power Corporation) Үндістанның мемлекеттік компаниясы Қазақстанда жаңа электр стансысын салу және қолда бар стансыларды қайта жөндеу жоспарларын әзірлеуде.ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев осындай ынтымақтастық мүмкіндігін тексеру мақсатында Үндістандағы ең ірі электр энергиясын өндіруші компаниялар өкілдерінің делегацияларын Қазақстанға шақырды. «NTPC» басшылары өздерінің көрсеткен қызметтерінің орнына электр стансыларының қажеті үшін қазақстандық көмірді импорттау нұсқасын талқылауда. Осындай өзара тиімді әріптестік бағыты белгіленгенімен, алайда үндістандық делегация Қазақстанға келгенге дейін осы ұсыныс ҚР Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінде талқылануы тиіс.
Соңғы жаңалықтар