Үндістан мен Қазақстанның экономикалық қарым-қатынастарын дамыту керек - Ақтөбедегі кездесу

p; Шілденің 13-і. ҚазАқпарат /Самал  Ендібаева/ -  «Үндістан  мен Қазақстанның арасындағы қарым-қатынастың сонау сақ дәуірінен басталатын     терең  тарихи  тамыры бар.  Бүгін де  біздің  елдеріміз    бір-бірімен тығыз     өзара  қарым-қатынас   орнатып  отыр»,   деп атап  көрсетті бүгін Ақтөбе әкімдігінде  өткен  «дөңгелек  үстел»  отырысында Үндістанның Қазақстандағы елшісі   Ашок Саджанхар  мырза,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Елші, Үндістанның  біздің еліміздің барлық  бастамасын   қолдап отырғанын   жеткізді.       «Жаһан діндері  басшыларының      осымен үшінші  рет басын  қосып  отырған   Қазақстан  сияқты,  Үндістан   да  көп ұлысты, көп дінді  және  көп тілді ел болып табылады,    елдегі    ұлысаралық   және   дінаралық  келісімді  қолдайды»,  деді  өз сөзінде    Елші.

Саяси және   мәдени   қарым-қатынастармен қоса,  Үндістан мен  Қазақстанның арасында    экономикалық байланыстарды да   арттыру  керек, бұл өз  кезегінде   екі ел   экономикасының  дамуына қосымша серпін береді,  деп  тоқталды А.Саджанхар мырза өз сөзінде. «Үндістанның  жалпы ішкі  өнімінің  жылдың  өсімі  9 пайызды    шамалайды,   бірақ былтыр    дағдарыстың әсерінен   бұл көрсеткіш 6-7 пайызға   дейін төмендеді.  Ағымдағы жылы  біз   7 пайыздық өсімді   жоспарлап   отырмыз», -  деді   елші.

Дипломат,   сондай-ақ   Үндістанның    Қазақстанмен       мұнай-газ,    ғарыш,    ядролық энергетика салаларындағы ынтымақтастық туралы бірқатар  келісімге    отырғанын      еске  салды.  «Қазақстан   дәрі-дәрмектің 90 пайызға жуығын   сырттан  импорттайды, ал Үндістанда фармацевтика   қуатты сектор  болып табылады.   Президент Нұрсұлтан  Назарбаев,  Қазақстанда бірлескен  қазақстан-үнді кәсіпорындарының ашылғанын қалайды.    Және бұл   жоспар жүзеге аса  бастады  деуге  болады:  келесі айда  Алматыда -    бірлескен  кәсіпорын, тағы    бір  айдан кейін  - Астанада антибиотиктер  шығаратын  өндіріс     жұмысын бастағалы  отыр», -  деді  Елші.

Ол,  сондай-ақ    Үндістанның   Қазақстанда   ақпараттық технологиялар,  көмірмен жұмыс істейтін  жылу-энергетикалық  стансылардың  құрылысы,   тыңайтқыштар өндірісі сияқты салалардағы  жұмыс  жоспарлары  туралы   әңгімелеп  берді.   Үндістан  сондай-ақ, «Батыс Еуропа - Батыс Қытай»  халықаралық   дәлізінің  құрылысына  да қатысуда.   «Біздің  компаниялар    Қазақстанға    қаражат инвестициялауға әзір»,  деп түйіндеді  өз  сөзін Елші   мырза.

Соңғы жаңалықтар