Үндістанда 2020 жылға дейін 24 атом электр стансысы салынбақ

АЛМАТЫ. Ақпанның 3-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Үндістанда 2020 жылға дейін 24 АЭС салынбақ. Бұл жайлы «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы» АҚ-ның президенті Мұхтар Жәкішев бүгін Алматыда өткізген баспасөз мәслихатында айтты,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат.Үндістандықтар оның алтауын ресейліктермен, алтауын «Westinghouse» (АҚШ, Еуропа), «General Electric» (АҚШ, Жапония), «AREVA» ( Франция) сияқты ядролық отын жасаудың әлемдік көшбасшы компанияларымен бірігіп салмақ. Мұхтар Жәкішевтің айтуынша, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Үндістанға ресми сапары кезінде «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы» АҚ мен «Nucler Power Corporation of India Limited» ядролық-энергетикалық корпорациясы Өзара түсіністік туралы меморандум жасасқан. Онда тараптар Қазақстанда бірлесіп уран шикізатын өндіру және Үндістанның атом энергетикасына арналған отын таблеткаларын жеткізіп тұруға уағдаласты. Қазіргі таңда АҚШ 2050 жылға дейін жаңа 300 ядролық блок салуды, Ресей өзінің энергетика жүйесінде атом энергиясының үлесін 16-дан 25 пайызға дейін өсіруді, ал Қытай 2020 жылға дейін жыл сайын қуаты 1000 МВт болатын 2 ? 3 реакторды іске қосуды жоспарлап отыр. Жалпы қуат көздерінің ішінде ең төменгі тариф АЭС үлесіне тиеді. Ол пайдалану мерзімінің ұзақтығы жағынан да электр қуатын өндіруші өндіріс орындары арасында бірінші орын алады. Мәселен, бұл мерзім көмір пайдаланылатын стансыларда 25 жыл болса, АЭС-та кепілдендірген уақыт - 60 жыл.
Соңғы жаңалықтар