Үндістанда жай түсіп, 35 адам ажал құшты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Үндістанның Орисса штатында жай түсіп, салдарынан 35 адам ажал құшты, 53 адам зардап шекті.
None
None

 Бұған дейін үндістандық БАҚ ауа райының қолайсыздығынан 14 адам қаза тауып, 6 адамның зардап шеккендігін хабарлаған болатын.

Жексенбі күні елдің солтүстік-шығысындағы жағалау округтері табиғат апатының соққысына ұшырады. Осыдан кейін найзағайлы жауын аумақ жағалауынан шалғай өңірлерге ауысты. Дүйсенбі күні Самбалпур және Катака округтерінде зардап шеккендер санының күрт көбейгендігі тіркелді.  

Соңғы жаңалықтар