Үндістандық жігіт кездесуден бас тартқан сүйіктісінің қолын шауып тастады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Үндістанның Уттар-Прадеш штатында 15 жасар қыз 19 жастағы Винод Чуразиямен кездесуден бас тартқаны үшін қолдарынан айырылды.
None
None

 Бұл жайлы Daily Mail басылымы хабарлайды.

Жергілікті полиция қызметкерлерінің мәліметінше, жас жігіт қолына семсер алып, қыз ағасымен қыдырып жүрген базарға келген. Винод оқушы қызды кездесуге баруға ұзақ үгіттеді. Оның қарсылығын естіген соң ашуға ерік беріп қолдарын білегінен кесіп тастаған. Осыдан кейін де бірнеше жерін жаралаған. Сол маңайдағы адамдар қызға араша түсіп үлгерді.

15 жастағы оқушы қыз ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілді. Ол көп қан жоғалтқан. Қазір полиция қызметкерлері қыздың қаскүнемге қарсы түсініктеме беруі үшін оның жағдайының оңалғанын күтіп отыр. 

Соңғы жаңалықтар