Үндістанның «Раштрапати Бхаван» сарайында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевты қарсы алудың салтанатты шаралары өтуде

ДЕЛИ. Қаңтардың 24-і. ҚазАқпарат /Айгүл Түлекбаева/ - Делиде «Раштрапати Бхаван» президенттік сарайында Үндістанға ресми сапармен келген Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевты қарсы алудың салтанатты шаралары өтуде,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 21 дүркін зеңбірек атылғаннан кейін екі елдің әнұрандары орындалды. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев құрметті қарауыл сапының алдынан өтті. Үндістанның Сыртқы істер министрі Пранаб Кумар Мукхерджимен болған кездесуден кейін Нұрсұлтан Назарбаев ұлт қайраткері Махатма Гандидің ескерткішіне гүл қою рәсіміне қатысады. Елбасының жұмыс бағдарламасына тоқталар болсақ, «Раштрапати Бхаван» президенттік сарайында Қазақстан Президенті кеңейтілген құрамдағы келіссөз өткізеді, сондай-ақ Үндістан Президенті Пратибх Девисингх Патилмен кездеседі. Атом энергетикасы, мұнай-газ, ішкі қауіпсіздік және т.б. салалар бойынша бірқатар құжаттарға қол қойылады деп күтілуде. Өкінішке орай, елдің премьер-министрі Манмохан Сингх сырқатына байланысты ресми іс-шараларға қатыса алмайды. Бүгін Делидегі Maurya Sheration» қонақүйінде қазақстандық кәсіпкерлер делегациясы қатысқалы отырған бірлескен іскерлік форум өтеді. Сондай-ақ осында Нұрсұлтан Назарбаевтың хинди тіліне аударылған «Қазақстандық жол» кітабының таныстырылымы болады. Қаңтардың 24-іне сонымен бірге Елбасының Үндістанның Вице-президенті Хамид Ансаримен, үнді оппозициясының жетекшісі Лал Кришна Адванимен және билік жүргізуші «Бірлескен прогрессивті альянс» коалициясының төрайымы Соня Гандимен кездесулері жоспарланған. Бұл үш кездесу де жоғарыда аталған отельде өтеді. Нұрсұлтан Назарбаев сапарының барысында, қаңтардың 26-сы күні Үндістанның Республика күніне арналған салтанатты парадқа қатысады. Бұл күн Үндістанда ұлттық мереке саналады.
Соңғы жаңалықтар