Үндістанда екі автобустың соқтығысуынан 6 адам қаза тапты

АСТАНА. KAZINFORM — Үндістанның оңтүстігіндегі Тамилнад штатында дүйсенбі күні екі жекеменшік автобустың бетпе-бет соқтығысуы салдарынан кемінде алты адам қаза тауып, 50-ден астам адам жарақат алды, деп хабарлады жергілікті полиция. Бұл туралы Синьхуа агенттігі жазды.

Үндістанда екі автобустың соқтығысуынан 6 адам қаза тапты
Фото: NDTV

Жол-көлік оқиғасы Тамилнад штатының астанасы Ченнай қаласынан шамамен 550 шақырым оңтүстік-батысқа қарай орналасқан Тенкаси округіндегі бір ауылда болған.

Апаттан кейін жергілікті билік ауқымды құтқару операциясын жүргізіп, жарақат алғандарды жақын маңдағы ауруханаларға жеткізді.

Полицияның мәліметінше, кейбір зардап шеккендердің жағдайы ауыр болғандықтан, қаза тапқандар саны артуы мүмкін.

Еске сала кетсек, Шығыс Қазақстан облысында жеңіл көлік пен жүк көлігі соқтығысып, 3 адам қаза тапты.

Ал Мексикада туристік автобус апатқа ұшырап, кемінде 7 адам ажал құшты.

Соңғы жаңалықтар