Үндістанда Пахалгамдағы террорлық шабуылға жауап қайтару нұсқалары қаралды

АСТАНА. KAZINFORM — Жексенбі күні Үндістан Әскери-әуе күштері штабының бастығы әуе маршалы Амар Прит Сингх премьер-министр Нарендра Модимен кездесті, деп хабарлайды The Indian Express.

премьер-министр Индии Нарендра Моди
Фото: narendramodi.in

ӘӘК басшысы премьер-министрді Пахалгамдағы террорлық шабуылдан кейін үкімет қарастырып жатқан қарсы шаралар контекстінде күштердің дайындығы туралы хабардар етті.

Кездесу қорытындысы бойынша ресми мәлімдеме жасалмағанымен, мүмкін болатын іс-әрекет бағыттары талқыланды.

Кездесу Әскери-теңіз күштерінің бас адмиралы Динеш Трипати премьер-министрді Араб теңізіндегі жағдай туралы хабардар еткеннен бірнеше сағаттан соң өтті.

Әскери-әуе күштері мен Әскери-теңіз күштері басшыларының премьер-министрмен жеке кездесулері 29 сәуірде премьер-министрдің резиденциясында әскери басшылықтың кездесуінен кейін болды. Онда Моди қарулы күштердің Пахалгам шабуылына «жауап беру тәсілін, мақсатын және уақытын шешуге толық операциялық еркіндігі бар» деп мәлімдеді.

Айта кетейік, 30 сәуірде Үндістан мен Пәкістан шекарасында атыс болғаны туралы хабарлаған едік.

Еске сала кетсек, 22 сәуір күні қарулы адамдар Джамму мен Кашмир одағы аумағындағы әйгілі туристік қала — Пахалгамда террорлық шабуыл жасаған болатын. Әскери киім киген адамдар автоматтармен оқ жаудырған, 25 үнді азаматы мен 1 непалдық қаза тапты. Қылмыскерлер оқиға орнынан қашып үлгерген.

Бұған дейін Үндістан Пахалгамдағы терактіден кейін Пәкістанға қарсы шаралар жариялады.

Соңғы жаңалықтар