Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Үндістанда ұлттық аза тұту жарияланды

АСТАНА.KAZINFORM — Үндістан үкіметі 13 шілдеде Қатар әмірінің әкесі Хамад бен Халифа Әл-Танидің қайтыс болуына байланысты ұлттық аза тұту жариялады.

Үндістанда ұлттық аза тұту жарияланды
Фото: Awaz The Voice

Үндістан Сыртқы істер министрлігінің мәліметі бойынша, бүгін бүкіл ел бойынша мемлекеттік ту жартылай түсіріледі, ал ресми ойын-сауық іс-шаралары тоқтатылды.

Естеріңізге сала кетейік, Қатардың бұрынғы әмірі және ресми «Әмір әке» атағы бар шейх Хамад бен Халифа Әл-Тани 12 шілде күні 74 жасында қайтыс болды.

Шейх Хамад Қатарды 1995 жылдан 2013 жылға дейін басқарды. Оның билігі кезінде ел ауқымды экономикалық, әлеуметтік және инфрақұрылымдық жаңғырудан өтті, сұйытылған табиғи газ арқылы ел әлемдегі жетекші өндіруші мен экспорттаушыға айналды.

Солтүстік газ кен орнын белсенді игерудің арқасында Қатар сұйытылған табиғи газ экспорты бойынша әлемдік көшбасшыға айналды және экономикалық ықпалын айтарлықтай арттырды.

Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар әміріне әкесінің қайтыс болуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдаған болатын.