Үрімші: ШЫҰ елдерінің инвестициялық форумына қатысушылар аймақтық экономикалық ынтымақтастық перспективаларын талқылады
«Орталық, Батыс және Оңтүстік Азиядағы аймақтық экономикалық ынтымақтастық» тақырыбына арналған бұл форумға Қытай Халық Республикасының Коммерция министрлігі мен Шынжаң-Ұйғыр автономиялық өлкесінің Үкіметі қолдау көрсетті.
Шынжаң-Ұйғыр автономиялық өлкесінің Үкіметі ұйымдастырған форумға Қытайдың Коммерция министрлігінің басшылығы, Шанхай ынтымақтастығы ұйымының Бас хатшысы, Шынжаң Үкіметінің басшылығы, Қазақстан, Иран, Қырғызстан, Ауғанстан, Өзбекстан және Тәжікстан өкілдері қатысты.
Форумға Қазақстанның Индустрия және сауда министрлігінің ресми өкілі ретінде қатысқан "KAZNEX" Экспортты дамыту және алға жылжыту корпорациясы» акционерлік қоғамының басқарушы директоры Рүстем Әбдісәләмов өз сөзінде: «қазіргі уақытта Қазақстан Президентінің тапсырмасымен елді индустриялық дамытудың бағдарламасы әзірленуде, оның негізгі міндеттерінің бірі - экономиканың басымдықты секторларына инвестициялар тарту болып табылады», - деп атап көрсетті. Осыған байланысты Қазақстанның Индустрия және сауда министрлігі "KAZNEX" АҚ-мен бірлесіп, шетелдік инвесторлармен жұмыстың белсенділігін арттыруда, оларға ынтымақтастық үшін жете зерттелген инвестициялық жобалар ұсынылады, - деді Р. Әбдісәләмов.