US Open: Александр Бублик жұптық сында келесі айналымға өтті

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық теннисші Александр Бублик жұптық сында АҚШ ашық чемпионатының екінші айналымына шықты.

Александр Бублик
Фото: ҚТФ

Қазақстандық теннисші қытайлық Цзюнчэн Шанмен бірге бастапқы айналымда аргентиналық Себастьян Баэс — мажарстандық Фабиан Марожанмен кездесті.
Матч 6:2, 6:4 есебімен қазақстандық-қытайлық жұптың пайдасына шешілді.
Бәсеке небәрі 56 минутта аяқталды.

Александр Бублик қытайлық теннисшімен бірге үшінші айналымға шығу үшін аргентиналық Гвидо Андреоцци — франциялық Мануэль Гинармен таласады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын АҚШ ашық чемпионатында Елена Рыбакина үшінші айналымға жолдама алғанын жазған едік.

Сондай-ақ Анна Данилина жұптық сында екінші айналымға өтті.

Александр Бублик төртінші айналымнан тыс қалды.