00:20, 26 Тамыз 2025 | GMT +5
US Open: Елена Рыбакина 16 жастағы теннисшіні ойсырата ұтты
АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстанның бірінші, әлемнің 10-ракеткасы Елена Рыбакина АҚШ ашық чемпионатын сәтті бастады.

Қазақстандық теннисші алғашқы айналымда «Үлкен дулыға» турниріне арнайы шақырту алған рейтингіде 338-орындағы америкалық, 16 жастағы Джульетта Пареханы сынап көрді.
Бірінші партияда Елена 3:1 есебімен алға шығып, сол басымдылығынан айырылған жоқ – 6:3.
Екінші сетте Е.Рыбакина тіпті бет қаратпады – 6:0.
Бір сағаттан сәл астам уақытқа созылған бәсекеде Рыбакина 6 эйспен бірге 9 брейк-пойнттың төртеуін өз есебіне жазды.
Елена Рыбакина үшінші айналымға өту үшін әлемнің 96-ракеткасы, 18 жастағы чехиялық Тереза Валентовамен таласады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Юлия Путинцеваның АҚШ ашық чемпионатын жеңіспен бастағанын жазған едік.