Үш ауысымды мектеп мәселесі қашан түбегейлі шешіледі

АСТАНА. KAZINFORM – Биыл үш ауысымды білім беретін 92 мектеп мәселесі шешіледі. Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев айтып берді.

Үш ауысымды мектеп мәселесі қашан түбегейлі шешіледі
Фото: Виктор Федюнин/Kazinform

«Елімізде 8 мың мектептің ішінде 106 мектеп үш ауысымда жұмыс істейді. «Жайлы мектеп» және басқа да жаңа мектептер құрылысы арқылы биыл 92 мектеп мәселесін шешуді жоспарлап отырмыз. Былтыр дәл осындай 29 мектептің мәселесін шештік, келесі жылы үш ауысымды мектеп мәселесін түбегейлі шешуді көздеп отырмыз», - деді Оқу-ағарту министрі елордада дәстүрлі Тамыз саммитінде.

Сонымен бірге, министр бүгінде 2900-дан астам мектеп бір ауысымда жұмыс істейтінін атап өтті.

Бұған дейін сала министрі Қызылорда облысында кәмелетке толмаған қызды жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеу фактісіне қатысты пікір білдірген еді.

Соңғы жаңалықтар