Үш ғарышкері бар түсіру аппараты Жезқазған даласына ойдағыдай қонды

АСТАНА.16 қыркүйек. ҚазАқпарат /Сара Қабиқызы/ - Бүгін Астана уақытымен 09 сағат 59 минутта Жезқазған қаласынан 149 шақырым жерге бортында үш ғарышкер бар «Союз ТМА-21» ғарыш кемесінің түсіру аппараты ойдағыдай қонды.
None
None

Ресейғарыш баспасөз қызметінің хабарлауынша, Жерге оралған ресейлік ғарышкерлер Андрей Борисенко мен Александр Самокутяев, сондай-ақ американдық астронавт Рональд Гаран 2011 жылғы 7 сәуірден бері Халықаралық ғарыш стансасында жұмыс істеді. 27-ші және 28-ші экипаждардың орбиталық вахтасы Халықаралық ғарыш стансысында 164 күнге созылды.

Осы кезде 27/28 ХҒС экипаждары ресейлік екі «Прогресс» жүк кемесін, «Союз-ТМА-02М» кемесін, көп дүркін қолданылатын американдық екі кемені қабылдады. Ресейлік және американдық ғарышкерлер мен астронавтар бір-бірден ашық ғарышқа шықты, ХҒС-тың ресейлік сегментінде елуге тарта ғылыми эксперименттер жүзеге асырылды.

Халықаралық ғарыш стансасында 28-экипаж жұмысты жалғастыруда: олар - командир, НАСА астронавты Майкл Фоссум, бортинженерлер - Ресейғарыш ғарышкері Сергей Волков пен Жапон ғарыш агенттігінің австронавты Сатоши Фурукава.

Соңғы жаңалықтар