Үш облыста боранға байланысты жабылған жол қайта ашылды
АСТАНА. KAZINFORM - ҚазАвтоЖол боранға байланысты жабылған жол ашылғанын хабарлады.
2025 жылғы 9 желтоқсан сағат 12:00-де келесі республикалық маңызы бар автожолдарда көліктің барлық түрі үшін қозғалыс ашылды:
Ақмола облысы:
- «Астана – Шідерті – Павлодар – Үспенка – РФ шекарасы» автожолының 36-200 шақырым аралығы (Софиевка ауылы – Павлодар облысының шекарасы).
Павлодар облысы:
- «Қалқаман – Баянауыл – Үміткер – Ботақара» автожолының 0-231 шақырым аралығы (Қалқаман ауылынан – Қарағанды облысының шекарасына дейін);
- «Астана – Шідерті – Павлодар – Үспенка – РФ шекарасы» автожолының 256-431 шақырым аралығы (Шідерті ауылынан – Атамекен ауылына дейін).
Қарағанды облысы:
- «Қалқаман – Баянауыл – Үміткер – Ботақара» автожолының 231–324 шақырымы аралығы (Павлодар облысының шекарасы – Ботақара ауылы).
Еске салсақ, бұған дейін үш облыстағы республикалық маңызы бар жолдарда көлік қозғалысы шектелгенін жазған едік.