«Үштікке» мүше мемлекеттердің экономикасы Кеден одағының құрылуына оң әсер етті - В.Путин

НКТ-ПЕТЕРБОР. 19 қазан. ҚазАқпарат /Қанат Құлшыманов/ - Қазақстан, Ресей және Беларусь елдерінің экономикалары Кеден одағының құрылуына оң әсер етті.

«Үштікке» мүше мемлекеттердің экономикасы Кеден одағының құрылуына оң әсер етті - В.Путин

Бұл туралы Санкт-Петерборда Кеден одағы Жоғарғы органының үкімет басшылары деңгейінде өткен отырыстың қорытындысы бойынша РФ Үкімет басшысы Владимир Путин мәлім етті.

«Экономика оң әрекет етті, «үштікке» мүше мемлекеттердің өзара сауда көлемі үш есеге артты, бұл жақсы көрсеткіш», - деді В.Путин.

Ол жоспарланғандай, 2012 жылдың 1 қаңтарынан бастап Бірыңғай экономикалық кеңістік жұмысын бастайды, бұл компаниялар үшін жаңа нарықтарға жол ашып, жұмыстың бірыңғай ыңғайлы ережелерін қамтамасыз етеді, деп атап өтті.

Естеріңізге сала кетейік, Санкт-Петербордағы Кеден одағы Жоғарғы органының үкімет басшылары деңгейінде өткен отырысына ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов қатысты.