Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Ұстазға Ыбырай Алтынсарин белгісі табыс етілді - Қызылорда облысы

ҚЫЗЫЛОРДА. Тамыздың 31-і. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ - Қызылорда облысы Арал ауданындағы білім бөлімінің бастығы Өксікбаева Гүлзира Әріпқызына білім саласындағы елеулі табыстары үшін Ыбырай Алтынсарин атындағы төсбелгі табысталды.

Ұстазға Ыбырай Алтынсарин белгісі табыс етілді - Қызылорда облысы

Ол Алматы қаласындағы Қазақ мемлекеттік университетінің тарих факультетін үздік дипломмен тәмамдап, 1990 жылы тарих ғылымдары бойынша кандидаттық диссертация қорғады. 1998 жылы «Білім беру ісінің үздігі» белгісімен марапатталды. 2004 жылдан бастап аудандық білім бастығы қызметін атқарып келеді. Гүлзира Әріпқызы жас ұрпақтың білім деңгейі бәсекеге қабілетті болуы үшін ауданда оқу ісінің талаптары мен міндеттерін адал атқарып келе жатқан білікті маман.

Үстіміздегі жылы ауданның 36 орта мектебінен 855 оқушы бітірді. Аудан бойынша «Алтын Белгі» белгісіне ұсынылған мектеп бітірушілердің дәлелдеу пайызы саны жыл сайын артып келеді. 2009 жылы «Алтын белгіге» 13 үміткер болатын, оның 10-ы (дәлелдеу пайызы 76,9 ) қорғады. Биылғы оқу жылында 23 «Алтын белгіге» үміткерлердің 17-і дәлелдесе, «Үздік аттестатқа» үміткер 7 мектеп бітірушінің 4-і дәлелдеді. Сонымен қатар 168 оқушы 100 және 100-ден жоғары балл жинады. 2010 жылы 93,78 балмен орташа көрсеткіш бойынша облыста бірінші орында тұр.