Үй арендасын субсидиялауға 19 мың адам өтінім берді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 7 маусымға дейін берілген өтінім саны – 19 285, оның 4750-і мақұлданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Үй арендасын субсидиялауға 19 мың адам өтінім берді

10 117 өтініш қабылданбады. Бас тарту себептері әртүрлі.

Оның көпшілігі тіркеу кезінде СМС арқылы жіберілген кодты енгізбеген.

Өтінім қабылданбауының жиі кездесетін себептері: жеке куәлігінің жарамдылық мерзімінің өтіп кетуі, өтінім берушінің атына тіркелген жылжымайтын мүліктің болуы, үй кезегіне тіркелмегені, салық қарызының болуы, оларға төлем талабы-өкімдерінің берілгені.

Әзірге қабылданбаған өтінімдер арасында:

- алушының немесе отбасы мүшелерінің деректерін тексеру бойынша – 836,

- табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен асып кетуі – 782,

- қатысушының өзі күшін жойғандар – 1887.

Еске сала кетейік, жалдау ақысын субсидиялау бағдарламасы 18 сәуірде іске қосылған болатын.