Үйі өртенген ақтөбелік отбасына жергілікті билік көмектесуге уәде берді

 АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Үйі өртеніп кеткен Тоқмамбетовтер отбасына жергілікті билік көмектесуге уәде берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

 Жалғыз баспанасы өртеніп, далада түнеп жүрген Тоқмамбетовтер отбасы туралы бұған дейін хабарлаған болатынбыз . Ақтөбе қаласының Құрылысшы бау-бақша ұжымында тұратын отбасының баспанасы көктемде суға кетіп, таяуда ғана жөндеуден өткен.

 Жергілікті билік оқиға орнына барып, балалардың жағдайымен танысты.

«Тоқмамбетовтер отбасы әкімдік назарынан тыс қалмайды. Көмек көрсету жолдары қарастырып жатыр. Арнайы комиссия құрылды, жан-жақты тексеріліп, нақты көмек көрсетіледі»,- деді Ақтөбе қалалық жұмыс қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Нәйла Бөртебаева.

 

 

Соңғы жаңалықтар