Ұйым аясында әрі қарай көпжобалық ынтымақтастықты жетілдіру әрі нығайту мәселелері - ШЫҰ сыртқы істер министрлерінің назарында

БЕЙЖІҢ. 11 мамыр. ҚазАқпарат - Бейжіңде ШЫҰ мүше-елдері сыртқы істер министрлері кеңесінің мәжілісі аяқталды.
None
None

Ағымдағы жылдың маусым айында өтетін бейжің саммитіне дайындық мәселелері кеңеске қатысқандардың назарында болды, деп мәлімдеді ШЫҰ сыртқы істер министрлері кездесуінің қорытындысы бойынша ҚХР сыртқы істер министрі Ян Цзечи.

Министрлер Астанада өткен жылы болған ШЫҰ мүше-елдері мемлекет басшыларының мәжілісінен кейін барлық қатысушылармен атқарылған кең ауқымды жұмысты екшеді. Олар «үш зұлымдықпен» күресте, «Тату көршілік және достық жылы» аясында шараның сәтті өткендігін айта келе, мәдени-гуманитарлық байланысты одан әрі дамыту, халықаралық тасымалға жағдай жасау мен  ұйымдастырудағы   оның жобаларын қаржыландыру  бойынша жұмысты жалғастыруға әзір екендіктерін білдірді.

Сыртқы саясат ведомствосының басшылары: «қазіргі жағдай күрделі күйінде қалып отыр, лаңкестік қаупінің деңгейі төмендер емес. Таяу Шығыста және Солтүстік Африкада қақтығыстар жалғасып жатыр», деп есептейді. Бұл факторлар өңірдегі тұрақтылыққа ауқымды қатер төндіреді.

Сондай-ақ олар Ауғанстандағы қазіргі жағдайға алаңдаушылық білдірді. Министрлер ШЫҰ бұл елдің тәуелсіз, бейбіт, бейтарап мемлекетке айналуын қолдайтындығын растады.

Сыртқы саясат ведомствосының басшылары алдағы өтетін бейжің саммитінде ШЫҰ-ның әлемде бейбітшілікке, аймақтың тұрақтылығы мен қауіпсіздігіне қатер төндіретін жағдайларға қарсы әрекет ететін саяси-дипломатиялық шаралар мен механизмдер жөніндегі жаңа Ережені бекітуге енгізу туралы ұсыныс жасауға келісті.

Сондай-ақ 2013-12015 жылдарға арналған экстремизм, сепаратизм және лаңкестікпен күресте ШЫҰ мүше-елдердің ынтымақтастық бағдарламасын іске асыру маңызды екендігі аталып өтілді.

Министрлер ШЫҰ аясында халықаралық ақпараттық қауіпсіздік саласында, сонымен қатар халықаралық ұйымдар мен форумдарда мүше-елдердің өзара ықпалдастығы аса маңызды екендігіне назар аударды.

Мемлекет басшылары кеңесінің қарауына және бекітуіне ШЫҰ даму стратегиясының негізгі бағытының орта кезеңдегі перпективасы жөніндегі жоба енгізілді.

Ұйым аясында ШЫҰ-мен диалогқа және ынтымақтастыққа бақылаушы-мемлекеттер және әріптестерді тарту қажеттігі атап өтілді.

Соңғы жаңалықтар