Ұйымдардың тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде қазақстандық қамтуды есептеуінің бірыңғай әдістемесіне өзгертулер енгізілді

деп хабарлады ресми БАҚ.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы
2012 жылдың 14 сәуірінен №463 бұйрық
«Ұйымдардың тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде қазақстандық қамтуды есептеуінің бірыңғай әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 қыркүйектегі № 964 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. «Ұйымдардың тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде қазақстандық қамтуды есептеуінің бірыңғай әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 қыркүйектегі № 964 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 52, 496-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде ұйымдардың жергілікті қамтуды есептеуінің бірыңғай әдістемесін бекіту туралы»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған Тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде ұйымдардың жергілікті қамтуды есептеуінің бірыңғай әдістемесі бекітілсін.»;
көрсетілген қаулымен бекітілген Ұйымдардың тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде қазақстандық қамтуды есептеуінің бірыңғай әдістемесі осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ.