Ұзақ мерзімді перспективада Еуразиялық ықпалдастыққа балама жоқ ? Мемлекет басшысы

АСТАНА. Наурыздың 10-ы. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Қазіргі таңда ұзақ мерзімді перспективада Еуразиялық ықпалдастыққа балама жоқ. Мен бұған кәміл сенемін. Бүгін Астанада өтіп жатқан Университеттердің еуразиялық ассоциациясының ХІ съезінде сөйлеген сөзінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осылай атап өтті,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Әлемдік құрылыстың бір полярлы жүйесін көп полярлық жүйеге трансформациялау қазіргі заманғы әлемнің маңызды үрдісі болып табылады. Адамзат үшін батыс либерализмі, еркін нарық ? бұл бірден бір дұрыс бағдар деген идеяны жаһандық экономикалық дағдарыс теріске шығарды. Әлемдегі аренада әлемдік дамуға ықпал етіп отырған жаңа күштер мен орталықтар қалыптасуда», - деп атап көрсетті Мемлекет басшысы. Елбасы қазір жаңа тарихи кезең басталып отырғандығын ашып айтты. «Кезеңде экономикалық және саяси түрлі модельдер бір-бірімен бәсекелесетін болады. Көпполярлық даму мен кең дәрежеде заңдастыру үдерісі күшейіп келеді, көптеген тауарлар мен қызмет көрсетулерді өндіретін және тұтынатын өңірлік нарықтар қалыптасуда. Құрылықтық интеграциялық топтар құрылуда. Бір географиялық кеңістіктің ішінде экономикаларды қорғау ғаламдық дамудың үрдісіне айналуда. Мұндай мысалды Латын Америкасы елдерінің, Парсы шығанағы, Шығыс Азия өңірлерінің мысалынан көруге болады. Қазіргі таңда ұзақ мерзімді перспективада Еуразиялық ықпалдастыққа балама жоқ. Мен бұған кәміл сенемін», - деді Н. Назарбаев. Президент тек ықпалдаса отырып Еуразиялық кеңістіктегі мемлекеттердің орнықты экономикалық дамуын қамтамасыз етуге болатынын атап көрсетті. «Қазіргі жағдайда сырттан көмек күтудің қажеті жоқ. Кешегі донорлар мен бізге қалай өмір сүру керектігін, мемлекетті, саясатты қалай қалыптастыру қажеттігін айтатындар біздегіден әлдеқайда ауқымды өздерінің жеке проблемаларын шешуге мәжбүр. Егер біз өзімізге-өзіміз қамқорлық жасамасақ, бізге ешкім де қайырылмайтын болады», - деді Елбасы.
Соңғы жаңалықтар