Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің отырысы 10 желтоқсанда Мәскеуде өтеді - ҰҚШҰ Бас хатшысыН. Бордюжа

АНА. 11 қараша. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Бүгін ҚР Мемлекеттік хатшысы-Сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының Бас хатшысы Николай Бордюжамен кездесті.

Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің отырысы 10 желтоқсанда Мәскеуде өтеді - ҰҚШҰ Бас хатшысыН. Бордюжа

«Кездесу барысында негізінен Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің отырысына дайындық мәселелері талқыланды. Аталмыш отырыс Мәскеу қаласында 10 желтоқсанда өткізіледі деп жоспарлануда. Оның алдында, яғни жақын аралықта біз негізгі органдардың отырысын, атап айтқанда - Сыртқы істер министрлері кеңесінің, Қорғаныс министрлері кеңесінің, Қауіпсіздік кеңесі хатшылығы комитеттерінің отырыстарын өткізуды жоспарлап отырмыз», - деді Н.Бордюжа.

Сонымен қатар, Бас хатшы кездесуде дағдарысқа қарсы әрекет ету жүйесі туралы құжаттарды талқылау жөніндегі жұмыстар барысы туралы әңгіме болғанын жеткізді. Оның айтуынша, жалпы аталмыш құжаттар топтамасының әзірлігі 95 пайызды құрайды және олар егер қажетті ішкі мемлекеттік үдерістерден өтсе, Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің қарауына шығарылуы мүмкін. Бұдан бөлек, жүздесу барысында Орталық Азия өңіріндегі, оның ішінде Тәжікстан мен Қырғызстандағы жағдайлар туралы әңгіме өрбіген.