Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің сессиясында қатысушы мемлекеттер әскери мәселелерге баса көңіл бөледі - Н.Бордюжа
АСТАНА. 10 қыркүйек. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақстанның қорғаныс ведомствосының басшысы Әділбек Жақсыбеков ҰҚШҰ бас хатшысы Николай Бордюжамен кездесті, деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.
Қос тарап ҰҚШҰ бірлескен штабы жұмысының тиімділігін арттыру жөніндегі бірқатар мәселелерді талқылады. Үстіміздегі жылдың желтоқсан айына жоспарланып отырған Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің сессиясына, әсіресе ұйымның әскери құрамдас бөлігіне ҰҚШҰ қатысушы-мемлекеттері баса назар аударатын болады, деді Николай Бордюжа.
Бүгінде ҰҚШҰ-ның назары жедел ден қою ұжымдық күштерінің дамуына аударылған. Заманауи жағдайда жиналған ішкі әлеуетті қазіргі таңда жиі кездесетін қалыпты жағдайларда ұтымды пайдалану керектігі ҰҚШҰ-ның басты бағыты саналады.
ҚР Қорғаныс министрі Әділбек Жақсыбеков Қазақстанның әскери доктринасына сәйкес Қарулы күштерін жаңа заманауи қару-жарақ пен әскери техникамен қамтамасыз ету ісіне назар аударды. Қорғаныс министрлігі қолданыстағы әскери техникаларды жаңарту және жаңа әскери қару-жарақты сатып алу мәселесінде көптеген шетел мемлекеттерімен үлкен жұмыс атқаруда.
Кездесу соңында тараптар ҰҚШҰ аясында өзге де мәселелерді бірлесе отырып шешетіндіктеріне сенім білдірді.